ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Әлеумет» кешенді ақпараттық-түсіндіру бағдарламасын таныстырды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Әлеумет» кешенді ақпараттық-түсіндіру бағдарламасын таныстырды

Бүгін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің медиа орталығында «Әлеумет» бағдарламасының тұсауы кесілді.

Бағдарлама халықтың барлық санаттарын қамтитын 4 бағыттан тұрады: «Отбасы – Семья», «Жастар практикасы – Молодежная практика», «Еңбек – Труд», «Зейнет – Пенсия».

Бағдарламаның мақсаты – әлеуметтік-еңбек саласындағы мәселелер бойынша халықты ақпараттандыру деңгейін арттыру. «Әлеумет» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылатын шаралар қолжетімді, ашық, жедел, шынайылық қағидаттарына негізделген.

«Еңбек министрі Тамара Дүйсенованың өңірлерге жасаған жұмыс сапарларының негізінде, қоғамдық қабылдаулар, министрліктің ресми сайты арқылы, блог-платформалар мен ватсап-мессенджері арқылы ел азаматтарының   әлеуметтік және еңбек мәселелері бойынша қаншалықты хабардар екендігін байқап, талдадық. Осыдан кейін тұрғындар еңбек құқығы мен әлеуметтік кепілдік туралы жеткілікті деңгейде хабарсыз деген ұйғарымға келдік. Азаматтарды толық экономикалық өмірмен қамту олардың әлеуметтік белсенділігіне тәуелді»,- деп түсіндірді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің баспасөз хатшысы Нұрлыбек Жеңісбек.

Бағдарламаның бірінші бағыты «Отбасы – Семья» туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова кеңінен айтып берді.

Оның айтуынша, әлеуметтік қолдау аясында халық арасында 5 санат бойынша ақпараттандыру жүргізіледі; 1 жасқа толмаған баласы бар аналар мен отбасылар; мүгедек баласы бар отбасылар; асыраушысынан айрылған және асыраушысы мен қорғаншысынан айрылған балаларды асырап алған отбасылар; тұрмысы төмен отбасылар мен көпбалалы аналар.  

«Министрлік ең алдымен балалы әйелдерге көрсетілетін мемлекеттік қызмет процедураларын жеңілдетті. Дүниеге келген баланы тіркеу, мектепке дейінгі балалар ұйымына рәсімдеу, жәрдемақы тағайындау, әлеуметтік төлемдерді беру секілді төрт қызмет бір қызмет түріне біріктіріліп, әйелдердің өтінішінсіз жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда осы қызметтің пилоттық жобасы қолға алынды. Осыдан кейін кең ауқымда іске асыру жоспарлануда» – деді вице-министр.  

Екінші бағыт «Жастар практикасы – Молодежная практика» туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нұржан Әлтаев журналистерге баяндады. Оның айтуынша, еңбекпен қамту Бағдарламасы шеңберінде оқу бітірген жас түлектерді жұмысқа орналастыру мәселесі шешілді.

«Оқу орнын бітірген жастар еңбек өтілінің болмауына байланысты қызметке орналаса алмаған еді. Енді жас маман тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту Орталығына барып, өз мамандығы бойынша жастар практикасынан өткісі келетін ұйымды өзі таңдайды. Бұл мекемеде ол тәжірибелі мамандардың басшылығымен  6 ай бойы біліктілігін арттырады. Әрі жалақысы 25 АЕК көлемінде болады. Бұл 2018 жылы 60 125 теңгеге тең. Бұл шығынды мемлекет өз мойнына алған. Бұдан кейін оның жұмыс табуы жас маманның өзіне байланысты», – дейді вице-министр Нұржан Әлтаев.   

Жастарды еңбекпен қамтудың тиімді шарасы ретінде оларды өз еркімен қайта қоныстандыруды айтуға болатынын вице-министр тілге тиек етті. Егер ерікті оңтүстік аймақтан болып, еңбек ету үшін жұмыс таба алмай қиналып жатса, мұндайда оған тұрақты жұмысқа орналасу үшін солтүстік облыстарға көшуге мүмкіндік беріледі. Сонымен бірге мемлекекет сол көшетін адамға қосымша материалдық көмек береді. 

«Еңбек-Труд» бағдарламасының бағыты бойынша Нұржан Алтаев әр азаматқа Еңбек шартының негізінде жасалатын әлеуметтік кепілдіктер туралы хабарлау қажеттігіне баса назар аударды.

«Еңбек келісім шартының жасалуы – тұрақты жалақыға, демалысқа, еңбек өтілі мен еңбек жағдайларын сақтауға, сондай-ақ әлеуметтік аударымдар мен зейнетақы жарналарын төлеуге, әлеуметтік төлемдер мен өтемақылар алуға кепілдіктер береді», – деді вице-министр.

Төтінші бағыт «Зейнет – Пенсия» – елдегі зейнетақымен қамсыздандыру жүйесіне арналған.

Бұл бөлікте биыл шілде айынан бастап базалық зейнетақыны тағайындау тәртібінде және осы бағытта басқа да өзгерістер туралы жарияланған.

Ел азаматтарынан келіп түскен әлеуметтік саладағы сан-алуан сауалдар мен өтініштерге жедел жауап беру мақсатында биыл 17 – қаңтардан бастап ватсапп- месенджері іске қосылған болатын. Баспасөз мәслихатында оның алғашқы нәтижелері де айтылды.

«Аталған қызмет түрі қосылған 20 күн ішінде бізге 1500-дей қазақстандықтардан өтініш келіп түсті. Оның шамамен 1107-сі әлеуметтік-еңбек саласына қатысты болды.  шамамен 1107 сұрақ келіп түсті. Бүгінгі таңда 916-ға жуық азамат өз сұрақтарына толыққанды жауап алды, қалғандарына күн сайын тиісті жауаптар беріледі. Тұтастай алғанда азаматтардың басым бөлігі жаңа форматтағы Атаулы әлеуметтік көмек туралы ақпарат білгісі келсе, одан кейін әлеуметтік қорғау саласына сауалдар келіп түскен. Үшінші орында – еңбек құқығы саласындағы заң бұзушылықтар туралы болды», -деп атап өтті министрдің баспасөз хатшысы.

Айта кету керек, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде ашылған медиа-орталықта бүгінгі өткен баспасөз мәслихаты алғаш рет болып отыр.  

Нұрлыбек Жеңісбектің айтуынша, мұндай баспасөз мәслихаты апта сайын өткізіледі және ол халықты ақпараттандыруға және әлеуметтік-еңбек саласында ел азамттарының құқықтық сауаттылығын арттыруға ықпал етеді.

 www.enbek.gov.kz

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0