19-ақпан. Turaninform. Кәсіпқой бокстың бес салмақ дәрежесінде әлемнің бұрынғы чемпионы кіші Флойд Мейвезер Конор Макгрегормен ММА ережесі бойынша жекпе-жекке шықпайтынын мәлімдеді. «Мен Макгрегорді жеңдім. Біз ММА емес, баскетбол ойнасақ болады» депті Флойд.
Макгрегор да салған жерден оның жекпе-жек дәуірі аяқталғанына қуанатынын мәлімдей келе: «Мейвезер, балам, мен сенімен мақтанамын» деп жауап берген. Былтыр Флойд кәсіпқой бокс ережесімен жекпе-жекке шыққан Конорды нокаутпен жеңген еді.
ПІКІРЛЕР