Қазақстан азаматтары үшін Израиль, Тайланд, Фиджи және Макао елдеріне визасыз бару мәселесі талқыланып жатыр. Кубамен визасыз режим әлі күшіне енген жоқ.
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтар визасыз баратын елдердің жаңартылған тізімін таныстырды, деп хабарлайды BNews.kz.
Ведомствоның сайтында жарияланған тізімге сәйкес, қазақстандықтар визасыз келесі елдерге бара алады: Албанияға (90 күнге дейін), Индонезияға (30 күнге дейін), Македонияға (90 күнге дейін), Молдоваға (90 күнге дейін), Филиппинге (30 күнге дейін), Малайзияға (30 күнге дейін), БАӘ (30 күнге дейін), Сейшель аралдары мен Сербияға (30 күнге дейін), Бразилиға (30 күнге дейін), Аргентинаға (30 күнге дейін), Барбадосқа (28 күнге дейін), Колумбияға (90 күнге дейін), Коста-Рикаға (90 күнге дейін), Намибия мен Эквадорға (30 күнге дейін), Гонконгқа (14 күнге дейін) және Оңтүстік Кореяға (30 күнге дейін).
Сондай-ақ, тізімде Әзербайжан (30 күнге дейін), Армения (28 күнге дейін), Грузия (90 күнге дейін), Тәжікстан, Түркия (30 күнге дейін), Моңғолия (90 күнге дейін), Беларусь (30 күнге дейін), Ресей (30 күнге дейін), Украина, Өзбекстан (90 күнге дейін) және Қырғызстан (90 күнге дейін) елдері де бар.
Айта кетерлігі, Қазақстан Республикасының азаматтары үшін Израиль, Тайланд, Фиджи және Макао елдеріне визасыз бару мәселесі талқыланып жатыр. Кубамен визасыз режим әлі күшіне енген жоқ.
BNews.kz
Түпнұсқадағы тақырыбы: Қазақстандықтар үшін визасыз баратын елдердің тізімі жаңартылды
ПІКІРЛЕР