Си Цзиньпин Қытай басшысы болып қайта сайланды

Си Цзиньпин Қытай басшысы болып қайта сайланды

17-наурыз. Turaninform. Бүкілқытайлық халық өкілдерінің жиналысы депутаттары Си Цзиньпинді Қытай Халық Республикасының төрағасы етіп бірауыздан қайта сайлады. Бұл туралы «South China Morning Post» газетіне сілтеме жасап, РБК мәлім етті.

Қытай конституциясына 11-наурызда ғана өзгеріс енгізілген болатын. Өзгеріске сәйкес, Қытай төрағасы лауазымында екі мерзімнен артық отырғызбайтын бұрынғы шектеу алынып тасталған еді. Енді Си Цзиньпин заң бойынша өмір бойы осы жоғары лауазымды атқара беруіне болады. Әрине, бұйырса… Ал, бұрынғы конституция бойынша алғанда, оның өкілеттігі 2023-жылы аяқталатын еді.

Си Цзиньпин «жаңа» лауазымға сайлана сала, бірден ант та қабылдап үлгіріпті. Мұндай бұрын болмаған екен.

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0