Тимур Сүлейменов ТҚЖБ-ның жекешелендіру шарттары туралы айтты

Ұлттық экономика министрі банктің барлық жеңілдік шарттары сақталатынын атап өтті.

Тимур Сүлейменов Парламент Мәжілісінде өткен үкімет сағатында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің қандай жағдайда жекешелетіні туралы айтып берді, деп хабарлайды BNews.kz.

Отырыс барысында төменгі палата вице спикері Владимир Божко “Бәйтерек” ҰБХ АҚ басқарма басшысының орынбасары Ғалымжан Тәжияқовқа халық Тұрғын үй құрылыс жинақбанкінің жекешеленуінен не ұтатыны туралы сұрады.

“Бұл банкті жекешелендіру арқылы біз не ұтамыз?”, – деді ол.

“Тұрғынүй құрылыс жинақ банкінің жекешелену үлесі миноритарлық, 49%-дан көп емес, яғни басты бақылау үкіметте болады. Тұрғын үй құрылыс жинақтары заңына сәйкес, барлық сыйақылар мен жеңілдіктер толық көлемде сақталады. Тұрғынүй құрылыс жинақ банкінің салымшылары әрі қарай да баспананы жеңілдетілген бағамен алатын болады. Біз “жаңашылдық” енгізетін  стратегиялық серіктесті тартуды көздеп отырмыз”, – деді Ғалымжан Тәжияқов.

Алайда мұндай жауап депутаттарды қанағаттандырған жоқ. Мәжілісмен Омархан Өксікбаев мұндай жауап халыққа түсініксіз болатынын айтты.

“Қазір олар стратегиялық серіктесіті тартып, одан біз пайда көретінімізді түсіндіруде. Егер ол стратегиялық әріптес келсе, ол өзінің шарттарын қоймай ма? Өз ережесі болады. Оның ережесі қандай болмақ? Біз не нәрсеге рұқсат береміз? Нені жоғалтып, нені табамыз? Ешкім нақты ештеңе айтпайды. Қандай ережелер? Қандай нәтижелер? Осыны айтып бере аласыз ба? Сіздің жауабыңыздан халық ештеңе түсінбейді”, – деді депутат.

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов банк жекешеленген күнде үш шарт сақталатынын атап өтті. Егер ол талаптар сақталмаса, банк сатылмайтынын айтты.

“Біз әрине бәрі түсінікті болғанын қалаймыз. Банктің барлық жеңілдетілген шарттары сақталады.  ТҚЖБ-ның “Нұрлы жер” мен “7-20-25″  бағдарламасы сақталып, оған меморандумда қол қойылады. Егер инвестор бұған келіспесе, біз оған сатпаймыз. Жыл сайынғы 20% көлеміндегі мемлекеттік сыйақы да сақталады. Стратегиялық инвестор алдында осы шарттардың барлығы қойылатын болады, егер осы талаптар сақталса сатылды. Болмай жатса басқа жолдарын қарастырамыз”, – деді ведомство басшысы.

Еске сала кетейік, ТҚЖБ жекешелендіру жұмысы 2018 жылдың екінші жартысына дейін аяқталуы тиіс. Қызығушылық білдіріп отырған инвесторлармен келіссөздер жүргізілуде.

BNews.kz

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0