Маңғыстау өңірінде мемлекеттік қызметке деген қызығушылық екі есе артып, нәтижесінде бос орындар саны азайған. Бұл мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін енгізудің оң нәтижесі. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте белгілі болды.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрайымы Нұргүл Жанназарованың айтуынша, қазіргі бос орындар саны – 95, ал өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 166 болатын. Таза ауысымдылық саны 2,3-есеге жуық азайған. Жалпы конкурс бойынша бір орынға 1,9 адамды құрады.
Мәселен, жалпы конкурс бойынша облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасында жарияланған бас маманына 14 үміткер, индустрия және инновация басқармасы жарияланған бос орынға 13 үміткер, денсаулық сақтау басқармасы жариялаған бос орынға 8 үміткер, мәдениет басқармасында кадр бөлімінің бас маманына жарияланған орынға 8 үміткер, Мұнайлы ауданы Қызылтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты бас маманына жарияланған лауазымға 5 үміткер, Ақтау қаласының әкімдігі коммуналдық-шаруашылық секторының бас маманына 9 үміткер құжат тапсырған.
Өткен жылмен салыстырғанда, тестілеуден өтуге ниет білдірген үміткерлердің саны 1,9 есеге өсіп отыр. Бұл, мемлекеттік қызметшілердің еңбекақы төлеудің жаңа жүйесінің енгізілуімен облыс тұрғындарының мемлекеттік қызметке деген қызығушылығының артқандығын көрсетіп отыр.
Сонымен бірге, есептік кезеңнің қорытындысы бойынша жүргізілген құпия сауалнамаға пилоттық жоба енгізілген жергілікті атқарушы органдарының 1051 қызметшісі қатысып, жаңа еңбекақы төлеу жүйесіне толықтай келісетіндігін және оң баға беретіндігін білдірген.
Маңғыстау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары Әсел Балманованың айтуынша, жыл басынан факторлы-балдық шәкіл негізінде Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілеріне еңбекақы төлеудің пилоттық жобасы енгізілгеннен бастап оң динамика байқалады.
Дайындық жұмыстары кезінде алдымен басшы және орынбасары, әкім және орынбасары, басшы және орындаушы, орындаушы және орындаушы арасындағы қайталама функцияларды анықтау міндеті тұрған. 164 мемлекеттік органдардың ережелеріне және 1285 лауазымдық нұсқаулықтарға талдау жүргізу үшін 2 ай уақыт кеткен. Факторлы-балдық шәкілді енгізумен қатар, ағымдағы жылдың қаңтар-мамаыр айлары аралығында облыстық, аудандық, қалалық және ауылдық әкімдіктердің, басқармалардың барлық ережелері мен лауазымдық нұсқаулықтарын деңгейлерге сәйкес келтіру 5 ай уақыт алған.
Еңбекақы орташа есеппен 2,5 есе өсіп, бос орындар саны 65,7% қысқарған, таза ауысымдылық 2 есе төмендеп, еңбек шартымен қызмет етіп жүргендер 84 бірлікке қысқартылып, мемлекеттік қызметке үміткерлер саны 206 % өскен. Сондай-ақ, мемлекеттік көрсетілетін қызмтеттер саны 3 есе өсіп, оның сапасына келіп түскен шағымдардың саны 4 есе азайған, басшылық лауазымдар саны азайып, орындаушылық лауазымдар өсіп отыр.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі
ПІКІРЛЕР