Облыс әкімінің бірінші орынбасары қамауға алынды

Облыс әкімінің бірінші орынбасары қамауға алынды

6-қараша. Turaninform. Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Аманғалиев екі айға қамауға алынды. Оны 3-қараша күні Ақтау халықаралық әуежайында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро қызметкерлері ұстаған. Ұстау барысында облыс әкімінің бірінші орынбасарынан 115 000 еуро тәркіленіпті. Енді оған қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 366-бабы 3-тармақшасы (пара алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Мұның алдында Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Аманғалиевтің ұсталғаны туралы әлеуметтік желі қолданушысынан тараған болатын.

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0