Мұхаммед Әли: Бұл барып тұрған жабайылық!

Мұхаммед Әли: Бұл барып тұрған жабайылық!

Боксшылардың ішінде осындай алып ойлы адам жоқ. Әзірге солай… Арғы-бергідегі уақытта, мұсылман әлемінде ислам дінін осынша түсінген адамдар аз. Мұхаммед Әлимен көбірек әрі жан дүниесін аша түсетін сұхбат жүргізген тележүргізуші М. Паркинсон болса керек. Сол сұхбаттарынан үзінді…

Бала Мұхаммед Әли

М. Паркинсон: 12 жасыңызда әлем чемпионы ретінде өзіңізді елестетіп көрдіңіз бе?

Мұхаммед Әли: 53, әлде 1954-жыл болуы керек, бір күні Рокки Марчиано Уолкотты ма, әйтеуір біреуді жеңді. Жаңбырлы күні велосипед теуіп келе жатқан мен, машинаға ілесіп, радионы тыңдағым келеді. Қалып қойдым, тек: «Сонымен ауыр салмақта әлем чемпионы тағы да Рокки Марчиано!» дегенді ғана естідім. Сосын шу. Кентуккиден шыққан, салмағы 40 кг­-ға да жетпейтін, жіңішке ғана баламын. Велосипедіммен жаңбыр астында келе жатқан менің басымда (ол уақытта Кассиус Клей едім): «Ауыр салмақта әлем чемпионы тағы да Кассиус Клей» деген сөздер жаңғырып жатты.

Кәсіпқой бокстағы Мұхаммед Әли

М. Әли: …Ал, біз төбелесеміз. Бұл шындық. Адамдарға рахат сыйлап, жағу үшін мұрыннан қан кетеді, көзің де біткен, тісің сынып, миыңа зақым келеді. Бұл барып тұрған жабайылық! Сондықтан мен өз­-өзіме: бұлай төбелесу жарамайды дедім. Мен билеп жүріп, ұпай санымен ұтуды алдыға шығардым. Егер мен біреуді жеңіп келе жатсам, адамдарға ұнау үшін оның үстінен төпелемеймін деп шештім. Флойд Паттерсонға, Джордж Шувалоға, Карл Милденбергерге, Генри Куперге қарсы шыққанда солай еткен болатынмын. Мен оны (Г. Куперді меңзесе керек – Құрманғали) әдейі кейін қарай итердім: қаны субұрқақтай атқылағанда. Оның жанұясы, балалары бар ғой.

Өз-­өзімді керілген арқан ішінде біреуді дымын қалдырмай тас-­талқан қылатын адам ретінде елестете алмаймын. Ол басын ұстай алмай тұрғанда, үсті­-үстіне ұратын адам болғым келмейді. Мен бұлай істемеймін.

М. Паркинсон: Рингте өз-­өзіңізді ұстай алмай қалған кезіңіз болды ма? Әлдекімді шынында да өлтіргің келді ме?

М. Әли: Жоқ, ешқашан!

М. Паркинсон: Бір рет болсын…

М. Әли: Түсіндірейін… Бала кезімде әлдебір адамды өлтіре салатындай ашу­-ыза, өшпенділік болды. Бірақ, әлемдік деңгейде өнер көрсеткенде, бүтіндей бір ұлттың еркіндігі үшін күрескенде, бар болғаны бокстағы бір қарсыласыңа соншалықты өшігуді өз бойыңнан табу тым қиын.

 Аударған: Құрманғали Нұрғали

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0