28-қаңтар. Turaninform. Өткен аптада өзін Венесуэланың президенті міндетін уақытша атқарушы деп жариялаған Х. Гуайдоны қолдаушы елдер саны артып келеді. Бұған дейін АҚШ, Канада, Бразилия, Парагвай, Перу, Эквадор, Аргентина т.б. елдер қолдаса, енді бұл қатарға Австралия, Израиль де қосылды.
Мұнайға ең бай, бірақ, әлемдегі кедей елдердің бірі болып отырған Венесуэланың экономикасы мына саяси жағдайда жақсармайтыны анық. Халықаралық валюта қорының Батыс жарты шар бойынша департамент директоры Алехандро Вернер Венесуэлада биыл инфляция 10 млн пайызға дейін жетуі мүмкін деп мәлімдеді.
ПІКІРЛЕР