2-ақпан. Turaninform. АҚШ президенті Д. Трамп сайлау алды уәделерін орындауда Б. Обамадан кейін тұр. Мәселен, АҚШ-ты басқаруға салтанатты түрде кіріскеннен кейінгі екі жылда Б. Обама сайлау алды уәделерінің 26%-ын орындап, 44%-ын іске асыру үстінде болған. Ал, АҚШ-ты басқаруға салтанатты түрде кіріскеніне енді барып екі жыл толған Дональд Трамп осы уақыт аралығында берген сөздерінің 17%-ын ғана орындапты. Орындап жатқаны да Барак Обамадан аз: 27%.
Дегенмен екі жыл ішінде Д. Трамптың халықаралық саясатқа әсер ететін оқиғаларының ауқымы тар, әрі аз болды деп ешкім айта алмаса керек.
ПІКІРЛЕР