20-ақпан. Turaninform. АҚШ президенті Д. Трамп Украина басшысы В. Зеленскийді одан сайын тұқыртты. Ол оны “диктатор” деп, көп комиктің бірі санады. “Сайлау өткізуге қарсы, рейтингі төмен”, – деді. Егер, ол тездетпесе, елінен ел қалмайды дегенді де қоса кетті.
Д. Трамптың бұл бір күнде екінші рет қатты шүйлігуі. Мұның алдындағы сөзіне Украина президенті, сауалнама нәтижесіне сәйкес, украиндердің 57%-ы өзін қолдайтынын мәлім еткен еді. Әрі ол АҚШ президенті жалған ақпарат кеңістігінде деді.
Фото интернеттен алынды
ПІКІРЛЕР