16-ақпан. Turaninform. Кеше “Қазақ радиосы” тілшісі Айкен Базарбайдың ұйымдастыруымен “Шын жүректен” қайырымдылық-поэзиялық кеші өтті. ҚазГЗУ қолдауымен өткен іс-шарада ән шырқалып, өлеңдер оқылып қана қоймай, интеллектуалды ойындар да болды. Жеңімпаздарға сыйлық та тарту етілді.
— Кештің негізгі мақсаты еліміздің поэзия сүйер жастарының басын біріктіріп, жас ақындардың беделін арттыру, жастарға өнеге болатын қоғамдық республикалық қауымдастықтың бастауы болу, шығармашылық кештен түскен қаражатты мұқтаж жанға көмек ретінде ұсыну, – дейді А. Базарбай, көмектескеніне көңілі толған күйде ағынан жарылып.
Кештен 150 мың тг ақша жиналды. Демек, мақсатқа жетті.
ПІКІРЛЕР