5-ақпан. Turaninform. Былтыр шетелден ақша көп аударылған елдердің басында тағы Үндістан тұр. Бұл мемлекетке $125 млрд. түскен. Өкшесін басқан Мексикаға $67 миллиард аударылған. Бәлкім, әжептәуір бөлігі АҚШ-қа кеткен еңбек мигранттарынан келсе керек. Ал, үштікті Қытай жапты.
Бүкіләлемдік банктің өткен жылдың соңындағы мәліметі осындай. Дегенмен аз-маз өзгерістер болуы мүмкін.
Фото интернеттен алынды
ПІКІРЛЕР