25-ақпан. Turaninform. ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығына сәйкес, ҚР Премьер-Министрі болып Асқар Мамин тағайындалды. Бұл туралы Ақорда Баспасөз қызметінің твиттердегі парақшасында жазылған.
Асқар Мамин кезінде Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрі, Астан қаласының әкімі, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының президенті т.б. болған. Соңғы тағайындауға дейін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары қызметін атқарған еді.
ПІКІРЛЕР