Сыраның зиянды “сырлары”…

Сыраның зиянды “сырлары”…

Әлі күнге не спирттік өнімге, не қарапайым сусын түріне жатпайтын сыраның зияны арақтан да асып түседі. Байқасаңыз, жарты литр сыра 50 грамм арақтың күшімен тең, яғни оның құрамындағы этил спирті көпіршіген кезде, алкоголь құрамы 14 пайызға дейін ұлғаяды.

Сыраның зиянын санамаласақ, төмендегідей:

Асқазан

Сыраны ішкен кезде әлбетте ішек жолдары арқылы ол асқазанға барады. Жай барып қана қоймай, ас қорытатын шырышты қабатты бұзады. Сондықтан сыраны көп ішетін адамның ас қорытуы қиындап, соңы созылмалы гастрит ауруына соқтырады.

Бауыр

Бауыр – адам ағзасын тазартып отыратын өте нәзік мүше. Сыраны жиі ішу – бауырдың улы заттарға қарсы тұру күшін азайтып, кейін жойып жібереді.

Бүйрек

Сыра ішкен адамның қайта-­қайта әжетханаға жүгіретіні белгілі. Өйткені оның зәр айдау жүйесі нормадан тыс күш алып кетеді. Яғни, адам ағзадағы қажетті минералдан айырылады. Нәтижесінде калий, магний элементтері азайып, адамның жүрек соғысының ырғағы нашарлап, әлсірейді.

Жүрек

Сыраны үнемі ішетін адамның қан тамырлары кеңейіп, варикозға шалдығады. Өйткені ол қанға тез сіңеді. Бүйрек пен бауыр қызметі бұзылған жағдайда жүрекке салмақ түседі, соңы инфарктіге шалдығуға әкеледі.

Сонымен қатар, сыраның құрамында біз біле бермейтін фитоэстроген элементі бар. Әйел гормондары үшін аса қауіпті болып саналатын бұл зат уақыт өте келе нәзік жандыларды ашушаң етіп, психикасын бұзады. Ал, еркектерде керісінше, әйелде кездесетін гормондар пайда бола бастайды. Дауыстары жіңішкеріп, бұлшық еттері салбырайды, иықтары жоғалып, белінде май қаптары өседі. Яғни, сыра – семіздікке апаратын төте жол.

Сыраға құмар адамның ми жасушалары өліп, ақыл-­ой, шығармашылық қабілеттері төмендеп кетеді әрі агрессиялық мінез-құлық пайда болады. Спирттік ішімдіктерге қарағанда сыраның ағзаға 4 есе қауіп тудыратынын да білген жөн.

Сыраны көп ішетін ерлердің қуаты жойылып, сондай­-ақ жүрек талмасы ауруына жиі шалдығады.

Немістің әйгілі дәрігері, профессор Болингер сыраның зияны жайында: «Сыра жүректің жұмыс жасау қабілетін төмендетеді. Бүйрек пен қуыққа да әсер етеді. Сыраны көп ішкен адамның зәр айдау жүйесі шамадан тыс күшейіп кетеді. Мұндай жағдай ағзадағы қажетті минералдардың сыртқа шығарылуына әкеліп соқтырады. Егер денеде калий, магний сияқты минералдар азайса, адамның жүрек соғысының ырғағы бұзылып, тез шаршайды. Үздіксіз сыра ішу бауыр мен бүйректі толық істен шығарып, бүйрекке қан құйылу, адамды естен адастыру қаупін туғызады» деген.

Сыраны шамадан тыс тұтыну маскүнемдікке соқтыратынын және денсаулығыңызға өте зиянды екенін біліңіз!

Нусратуллаева Нихола Нарзуллакизи Астана қаласы әкімдігінің «№ 4 қалалық емхана» ШЖҚ МКК Салауатты өмір салты дәрігері

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0