Тұз адам ағзасының қай бөлігіне көбірек зиянды екені анықталды

Тұз адам ағзасының қай бөлігіне көбірек зиянды екені анықталды

22-наурыз. Turaninform. Ас тұзын мөлшерден асыра пайдалану қан қысымы және жүрек ауруын тудыруы не соны қоздыруы мүмкін. Адам тұз пайдаланғанда, ағза бойда (артық) сұйықтықты ұстап тұра тұруына әкеледі де, бүйрек арқылы тазарудан өткенше, артериялық қан қысымын көтереді. Демек, шамадан тыс қолдану – гипертонияға апаратын бір жол. Сонымен қатар, тұзды тағамға тым әуестер асқазанның шырышты қабатын жиі тітіркендіріп, тиісінше, сол мүшенің қызметін бұзады екен. Бұдан басқа да зияны бар.
Ересек адамға күніне, әрі кеткенде, 6 грамм тұз жеткілікті делінеді. Мұның шамамен төрттен үші ағзаға нан, тамақ, түрлі дәмдеуіш т.б. арқылы түседі. Десек те, әр адамның табиғатын, салмағын, тұрған жерін т.б. ескеру керек.

 Фото интернеттен алынды

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki