Менің болашақ мамандығым – мемлекеттік қызметші

Мектепті аяқтай отырып, жүздеген жас түлектер өз бетінше, дербес өмір бастайды. Олар кез келген жерде жұмыс істеп, кез келген оқу орнында оқуын жалғастыра алады. Болашақ мамандықты  таңдаудың қандай қиын екендігін барлығы  жақсы біледі, өйткені ерте ме, кеш пе бұның әркімге де қатысы бар. Кейбіреу мамандық таңдауда жалақының көлеміне, кейбіреу еңбек нарығындағы сұранысына назар аударады, ал өз көңіліне қонатын, жанына жақын мамандықты сирек таңдайды.

Мен барлығын ойластыра келе, жүрегімді тыңдай отырып, мемлекеттік қызметші мамандығын, «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығын таңдадым. Біздің қоғамның тарихи дамуы тұрғысынан біз бүгін түбегейлі өзгерістер, реформалар, қоғам өмірінің барлық салаларындағы түрлі өзгерістер (экономикалық, әлеуметтік, саяси) кезінде өмір сүрудеміз. Осының барлығы мемлекеттік басқаруды жаңаша құруды талап етеді. Сондықтан мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқаруды зерделеу неғұрлым жоғары деңгейге қойылады.

Ертілеуова Айда Балқашбайқызы, КМТИУ атындағы Ш.Есенов магистранты, Бисембаев Адилбек, студент

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0