19-сәуір. Turaninform. Украинада президенттікке үміткерлер – П. Порошенко мен В. Зеленский арасында халық тікелей қатысқан саяси дебат өтті.
Дебат барысында П. Порошенко В. Зеленскийге:
Президент бас шабар, ІІХК (НКВД) үштігін енгізіп, адамдарды телефонмен-ақ түрмеге тығатындай болуы тиіс дейсіз. Біз демократиялық ел құрудамыз. 5 жылдан кейін Украинаны қай жерден көресіз жəне бұл бағытта не істейсіз? В. Зеленский болса П. Порошенкоға: “Мен тек мына жүйені сындыруға келдім. Петр Алексейұлы, мен сіздің берген сөздеріңіз бен қателеріңіздің нəтижесімін” деп салды.
П. Порошенко В. Зеленскийді олигархтардың демеуіндегі адам деп айыптаса, соңғысы 5 жыл босқа кетті деген пікір білдірді. Қалай десе де, Украинада азаматтық қоғам дамығанының бір нәтижесін көрдік. Саяси дебат жүйесі демократияланған елде ғана болады.
ПІКІРЛЕР