3-маусым. Turaninform. Сайрагүл Сауытбайға Қазақ жерінен пана тимей, БҰҰ арқылы басқа дамыған мемлекеттің есігі ашылыпты. Біздің елден ақыры босқын мәртебесін ала алмады. Бұл туралы оның адвокаты Айман ханымның парақшасында хабарланған.
Былтыр ол шекараны заңсыз өту бойынша өткен сотта: …2018 жыл басына тау арасындағы саяси тұтқындар лагеріне еріксіз қызметке қойды. “Саяси лагерьдегі жайды сыртқа шығарсаң, мемлекеттік құпияны ашпау туралы заңды бұзсаң өлім жазасына кесілесің” деп қағазға қол қойдырды. Ол лагерьде 2500-дай қазақ қамауда отырды. Менің сот залында саяси лагерь туралы айтқанымның өзі құпияны ашқан болып саналады. Өмірімді сақтап қалу, отбасыма қосылу үшін заң бұзуға мәжбүр болдым. Атамекенімнен пана іздеп келдім. Мені Қытайда тек қана өлім жазасы күтіп тұр. Қазақстанда кез келген жазаға дайынмын (azattyq.org), – деген еді.
Енді ол жанұясымен бірге Швецияда өмір сүреді екен.
ПІКІРЛЕР