11-маусым. Turaninform. Елімізде өткен Президент сайлауы туралы Еуропалық қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы қысқаша мәлімдеме жасады. ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының Төрағасы Георгия Церетели былай деді: «Тоғызыншы маусымда өткен Қазақстан Республикасындағы Президент сайлауы үлкен саяси реформа жасауға түрткі боларлықтай оқиға еді. Дегенмен қарапайым құқықтардың айқын түрде бұзылуы, сонымен қатар, сыни пікір білдіргендердің қысымға ұшырауы – көңілімізді су сепкендей басты».
Тоғызыншы маусымда Қазақстанның бірнеше қалаларында сайлауға қарсы наразылық болған еді. Митинг заңсыз өтті деп жүздеген адам ұсталды.
ПІКІРЛЕР