Гонконгтықтар Пекин саясатына наразылықта жеңіске жетті…

14-маусым. Turaninform. Қытайға қараса да, “Бір ел, екі жүйе” жолымен басқарылып келе жатқан Гонконг үлкен наразылықта уақытша жеңіске жетті… Өткен аптаның аяғында наразылыққа 1 миллионнан аса адам шыққан! Мұндағы халықтың шамамен жетіден бірі. Митинг себебі, Қытай-Гонконг арасында қылмысқа қатысты күдіктілерді экстрадициялау туралы заңды қабылдатпау. Гонконгтықтар Пекин билігі бұл заңды саяси, діни негізге пайдаланады деген ойда. Наразылық негізінде Гонконг билігі бұл заң жобасын арнайы уақыт белгілеместен кейінге қалдырды.

Гонконг 1997-жылы арнайы құқықтық артықшылықтар негізінде Қытайға өтті. Қоғамы Ұлыбританияның немесе батыстық демократия қағидасымен қалыптасқан. Дегенмен Қытай билігінің саяси да, экономикалық та ықпалы артуда делінеді.

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0