15-шілде. Turaninform. ҚР президенті Қ. Тоқаев астанадағы LRT құрылысын сынға алды. Қ. Тоқаев бұл туралы үкіметтің кеңейтілген отырысында былай деді: “Халық үшін ыңғайлы әрі үнемді көлік жүйесін салудың орнына аса қымбат жоба ұсынылды. Ол – LRT. Білуімше, сәулетшілер мен мамандардың пікірі ескерілген жоқ. Әкімдіктің мәліметіне сәйкес, жеңіл рельсті көлік жүйесімен бір тәулікте жүретін жолаушылардың саны 146 000 адам болады. Бұл – болжам. Алайда қазір дәл осы маршрутпен, яғни әуежайдан жаңа теміржол вокзалына дейін тек 2 000 адам ғана жүреді. Мен сіздердің жолаушылар санын 70 есеге қалайша арттыратындарыңызды түсінбей отырмын”, – деді.
Дегенмен президент жобаны тоқтатуға болмайтынын да қоса кетті. Бұған дейін де бұл құрылыс қалың жұрт тарапынан сынға ілінген еді.
ПІКІРЛЕР