30-шілде. Turaninform. Осыған дейін жұрт тарапынан бірнеше рет сыналған “Астана LRT-да” тағы бір мәселе туды. Енді “Астана LRT-ның” экс-басшысы Талғат Арданға халықаралық іздеу жарияланып отыр. Ол бұған дейін қызмет бабын теріс пайдалану күдігі бойынша тергеуге алынған болатын.
Сонымен қатар, қымбат жоба саналған LRT құрылысы 1,2 млрд. теңгеге дейін қысқармақ. ҚР президенті Қ. Тоқаев та аталған жобаны сынға алған болатын.
ПІКІРЛЕР