Көші-қон заңнамасын бұзғандар жауапқа тартылды

Көші-қон заңнамасын бұзғандар жауапқа тартылды

Шиелі аудандық прокуратурасымен шетел азаматтарының заң талаптарын орындауы қатаң бақылауға алынған.

Жыл басынан 700 еңбек мигранты тіркеліп, аталған тұлғаларды медициналық тексеруден өткізу барысында бірқатар заң бұзушылықтар анықталған. Тек бір мысал, талдаумен анықталған аурухана қызметкерлерімен заңсыз медициналық анықтамалар әзірлеу дерегі бойынша жинақталған құжаттар аудандық прокуратурамен қылмыс ретінде тіркеліп, тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізу үшін аудандық полиция бөліміне жолданған.

Сонымен қатар ағымдағы жылдың екінші жарты жылдығында шетел азаматтарымен Қазақстан Республикасының заң талаптарының сақталуына жүргізілген талдау нәтижесінде 7 Өзбекстан азаматы әкімшілік жауапқа тартылған.

Жалпы аудан аумағында шетел азаматтарына қатысты жұмыстар жүргізілуде және үнемі аудандық прокуратураның бақылауында.

 Шиелі ауданы прокуратурасы

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0