542 млн теңгеден астам қаражат мемлекет пайдасына өндірілді

542 млн теңгеден астам қаражат мемлекет пайдасына өндірілді

Қызылорда облыстық прокуратурасының ұйымдастыруымен Ұлттық қауіпсіздік департаменті, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі, Экономикалық тергеу қызметі, полиция,мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті, Әділет департаменті, жеке сот орындаушылары палатасы басшыларының қатысуымен мемлекетке қылмыспен келтірілген залалды өтеу мәселесіне арналған жедел мәжіліс өтті.

Прокуратурамен жүргізілген талдаунәтижесіндетергеу органдарының қылмыспен келтірілген залалды мемлекетке өтеуге бағытталған шаралары жеткіліксіз екені анықталған.

Ағымдағы жылдың 6 айында барлық санатта 3544 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген.

Олардың ішіндегі 78-і бойынша1 157 275 000 теңге мемлекетке залал келген.

542 835 000 теңгесі мемлекетке қайтарылып, өндірілу тиімділігі 47%-ды құраған.

Биылғы жылы небәрі 2 қылмыстық іс бойынша мүлікке тыйым салу қолданылған.

Оның 1-і (32 714 309 теңгенің мүлкі) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің және 1-і (951 480 теңгенің мүлкі) Экономикалық тергеу қызметінің үлесінде.

Үстіміздегі жылы бірде-бір қылмыстық жолмен келген немесе келтірілген шығынды өтеу мақсатында мүліктерді тәркілеу жұмыстары атқарылмаған.

Мәжіліс қорытындысымен бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыру үшін бірқатар тапсырмалар беріліп, дербес және бірлесіп орындалатын іс-шаралар белгіленді.

Сонымен қатар Қылмыстық-процестік кодекстің 71-тарауын (заңсыз жолмен алынған мүлікті үкім шығарылғанға дейін тәркілеу туралы іс жүргізуді жүзеге асыру)кеңінен қолдану, мерзімі үзілген қылмыстық істер бойынша мемлекетке келген залалдарды анықтау тапсырылды.

Қызылорда облыстық прокуратурасы

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0