Әйел. Ана. Әсемдік. Осы сөздерді үйдегілер жиі айтады. Бірақ, мен үшін – ер адам, әкенің орны ерекше. Анамды сыйлаймын, қарындасымды құрметтеймін. Алайда, әке бақыты болмаса бәрі бекер… Әкем де осыны ұққандай. Мен «Отбасы бақыты» гүлін өсіріп, ғылыми жобадан республика бойынша 1- ші орын алғанда әкем ерекше қуанды. Әкенің бала бақыты үшін қуанғанын алғаш рет көруім. Айтайын дегенім, әйел мен ананы біз іштей сыйлаймыз, бұл қанымызға сіңген. Бірақ, әкеге келгенде «басқаша» қараймыз. Мен бүгіннен бастап әкемді бағалаймын, ерекше құрметтеймін. Барлық жетістіктерімді «отбасы бақытына» арнаймын. Ешкімнің отбасы бұзылмасын, шаңырағы шайқалмасын. Жақында тамыз мәслихатында менің жеке көрмем ашылыпты. «Нұр сұлтан» қаласы Білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозинге ерекше алғысымды білдіремін. Менің азғантай еңбегімді бағалап, көрме ұйымдастырып анам екеумізді шақырғанына. Мен сіздерді жақсы көремін. Ұмытып бара жатырмын. Алдағы білім күні құтты болсын! Әлемнің бар жақсылығын тілеймін. Алтын ұя-мектебімді сағындым, асыл достарымды сағындым.
Құрметпен, Арнұр Амангелді, «Нұр сұлтан» қаласы 14 мектеп-гимназиясының оқушысы, республикалық ғылыми жобалар байқауынының бас жүлде иегері
ПІКІРЛЕР