ТМД-ның қазірде тоталитарлы жүйе әбден орныққан елдерінің тарихында автократияға, диктатураға ашық қарсы шыққан ірі шенеунік көп болмаса да кездескен. Солардың бірі Беларусьтің Ішкі істер министрі болған Юрий Захаренко. Оған сол елдің президенті А. Лукашенко кезінде былай депті: «Сен менің қай бұйрығымды болмасын орындауға тиіссің!». Сонда Ю. Захаренко президентке: «Александр Григорийұлы, мен адамдарды атпаймын! Конституцияны бұзбаймын!», – деген екен. А. Лукашенко ондай жағдайда кісендейтінін айтыпты.
Сөйткен Ю. Захаренко ақыры оппозицияға өтеді. Бірақ, оппозицияда жүрген кезінде, 1999-жылы із-түзсіз жоғалып кеткен. Саяси себеп делінеді…
Құрманғали Нұрғали, саясаттанушы
ПІКІРЛЕР