21-қараша. Turaninform. Жол-көлік оқиғасынан Қызылордада үш адам тіл тартпай кетті. Sputniknews.kz таратқан ақпаратқа қарағанда, автобус аялдамасында тұрған адамдарға тойота камри көлігінің жүргізушісі соққан. Сонымен қатар, оқиға салдарынан екі адам жарақат алған. Автоапат Назарбаев даңғылында болған екен.
Мәліметтерге қарағанда, биылғы қаңтар-тамызда жол-көлік оқиғасы былтырғы сондай уақытпен салыстырғанда артқан.
Фото интернеттен алынды
ПІКІРЛЕР