Жол мамандары тапшы

Жол мамандары тапшы

 Бүгінгі күні Жол салушы мамандығына сұраныс үлкен болғанымен, мектеп түлектерінің аталмыш салаға баруға құлшынысы төмен. Елімізде жыл сайын жүздеген, мыңдаған шақырымдарды қамтитын  республикалық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары салынып, жөнделіп келеді. Сондықтан, жол мамандарының тапшылығы қазіргі уақытта өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Жол шеберлері, құрылыс инженерлері, инженер-сметашы, зертханашылар, асфальтбетон жұмысшылары, асфальт төсегіштер, автогрейдер жүргізушілері, механизаторлар, қайта өңдеушілер, арнайы техника жүргізушілері бүгінгі таңда үлкен сұранысқа ие мамандардың қатарында. Бұдан басқа, елімізде геодезисттер, картографтар, метеорологтар, механиктер, токарьлар, дизайнерлер, ғалымдар және т.б. мамандар тапшы. Индустрия және Инфрақұрылымдық даму министрлігінің статистикасы бойынша республикада 2636 білікті жол мамандары жетіспейді екен. Соның салдарынан, мамандарды сырттан шақыртып алуға мәжбүр болып отырмыз. Еліміздің Солтүстік өңірінде де тап осы жағдай. Осындай олқылықтың орнын жою мақсатында Жол активтері ұлттық сапа орталығының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының директоры Жолдыбай Тентеков қала мектептерінің оқушыларымен кездесіп, мамандыққа баулу жұмыстарын жүйелі түрде өткізуде. Мектеп бітіруші түлектерге аталмыш мамандықтың қыр-сырын егжей-тегжейлі баяндау әрі бұл мамандықтарға деген қызығушылықтарын арттыру үшін филиал директоры Петропавл қаласындағы С.Мұқанов атындағы 32 орта мектебі, М.Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледж жанындағы жалпы білім беретін мектеп- лицейі және Қазақ мектеп-гимназиясының оқушыларымен кездесті. Кездесу барысында  Республикалық және жергілікті автожолдардың күн санап жетіліп келе жатқандығы, жол кәсіпорындары заманауи талапқа сай техникамен қамтылғандығы, қызмет сапасы да жоғарылап келе жатқандығы туралы айтылды.  Сондықтан, бұл салаға нағыз мамандар қашанда қажет екендігі ескертілді. Жол мамандарын дайындайтын жоғары оқу орындары мен колледждер туралы қажетті ақпарат берілді. Аталмыш мамандықтарға мемлекет тарапынан бөлінетін жыл сайынғы гранттар мен шәкіртақы жайлы да айтылды.  Мамандыққа баулу жұмыстары алдағы уақытта да жүргізілмек.
Жалпы, Жол активтері ұлттық сапа орталығының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы 2019 жылы құрылды. Орталықтың негізгі қызметі автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту, жөндеу және баптау барысындағы жұмыстар мен материалдарының сапасын сараптау, сондай-ақ жол активтерін басқару болып табылады.

 Жол активтері ұлттық сапа орталығының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының баспасөз хатшысы М. Асқарқызы

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0