14-сәуір. Turaninform. Биыл қасиетті Рамазан айы қай күні басталатыны мәлім етілді. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының мәлімдеуінше, 24-сәуірден басталмақ. Айқындауда В.Г.Фесенков атындағы «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» мекемесіне сүйенген. Әрі Өзбекстан және Қырғызстан мұсылмандары діни басқармаларымен кеңесе отырып белгіленіпті.
Сонымен қатар, тарауық намазы жамағат болып мешіттерде оқылмайтыны да мәлімделді.
Фото muftyat.kz сайтынан алынды
ПІКІРЛЕР