Германия және Ресей: тарихтан қайсысы тағлым алды?

Германия және Ресей: тарихтан қайсысы тағлым алды?

 Қазіргі Германия гитлерлік биліктің жіберген қателігі үшін кешірім сұрады. Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер одақтастар өз елін ұлтшылдықтан құтқарды деп санап, оларға алғыс айтты. Одақтас дегені елді екіге бөлген КСРО (мұрагері Ресей) ма, әлде АҚШ па, бұл басқа әңгіме. Сонымен қатар, ол гитлерлік диктатура кезіндегі адамзатқа жасаған қиянаты үшін қазір жауапкершілікті мойынға алмау – ұят, масқара болатынын да айтты. Германияны жүрегің қарс айрылмай, жақсы көру мүмкін емес деп те өтті. Өз елін.
Бұлай мемлекеттік деңгейде мойындау – автократиялы елдің қолынан келмейді. Сондай-ақ, қайта сол жолға түспейтіндей саясат орныққаны меңзелді. Сөздері соған шақырады.

 Енді КСРО мұрагері – Ресейді алайық. Олар II-Дүниежүзілік соғысты бастаған фашистік Германияны алдында қолдағанын ресми мойындап, КСРО-ның да арам саясат ұстанғанын неге ашық айтпайды? Сталиннің өзі: «Егер, Германия қиын жағдайға тап болса, кеңес халқы Германияға көмек береді, әрі оның тұншықтырылуына жол бермейтініне сене берсін» деген екен. Жәй сөз емес, 1939-1941жж. материалдық қолдаған. Тіпті Геббельс КСРО Германияның қалағанынан да көп жіберіп жатыр депті. Бұдан бөлек, Германиямен Еуропаны бөліп алғысы келгендігі қылмыс емес пе?.. Норвегия мен Данияға Германия баса көктеп кіргенде, Сталин билігі “түсіністікпен қарайтынын” білдіруі секілді оқиғаларды қозғасаң, әлі кете береді…

 Қ. Қалмахан

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0