Түркістан облысының әкімі Ө. Шүкеевтің назарына!

Түркістан облысының әкімі Ө. Шүкеевтің назарына!

Еліміздегі денсаулық сақтау саласындағы олқылықтар кадрдің қадірін білмеу ісінде де көрінуде. Солардың бірі – Түркістан облысында болған жағдай. Жанайқайын жеткізуші – бас маман Айсұлу Дәуренбекова. Өзінің сөзінше, жиырма жыл еңбек өтілі бар (1998ж. бері), денсаулық сақтау саласын басқарған сегіз басшы кезінде абыройлы қызмет  атқарып келген. Әрі қарай Денсаулық сақтау басқармасына М. Егізбаев басшы болып келгеннен кейін Айсұлуды қудалау басталған екен. Себебі, Айсұлу көптеген құжаттардың қатесін, сатып алынған медициналық құралдардың сапасыздығын айтып отырған. Есесіне, өз сөзіне қарағанда, сол сәттен бастап оның басына қара бұлт үйіріліпті. Әрі қарай 2019-жылдың 19 желтоқсаны күні Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы, марқұм болған М. Егізбаев осы мекемедегі кадр бөлімінің бас маманы Айсұлу Дәуренбекқызын жұмысқа жарамсыз уақытында жұмыстан шығарады. Жұмыстан шығарып қана қоймай Айсұлуға жала жапқан, қысым көрсеткен. Осы аралықта Айсұлудың денсаулығы сыр беріп, тоғыз ай бойы омыртқасына байланысты қатты ауырып қалады. Ал, М. Егізбаев Айсұлуға тегін медициналық ем алуына кедергі келтіреді. Бүкіл облыс бойынша Айсұлуға ем көрсетілмеген екен. Сондықтан ол Қызылордаға барып жеке клиникаға емделуге мәжбүр болған. Үш баласы бар жалғызбасты анаға осындай қысым көрсеткен басшылардың былығы мұнымен бітпеген. Айсұлудың арызы бойынша, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті олардың атқарылмаған жұмысқа  қыруар қаржы жұмсаған фактісін анықтайды. Заң бұзушылық сомасы – 3 029 984,7 мың теңге! Сонымен қатар, базар бағасынан артық қаржыландыру дерегін тіркеген. ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің тексеріс қорытындысы осындай.

 Облыстық басқарма басшысы болған М. Егізбаев жақында қайтыс болған. А. Дәуренбекова М. Егізбаевтың орнына келген, яғни, Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы болып тағайындалған М. Пашимовты да заңсыздыққа барды деп мәлімдейді.

А. Дәуренбекова 2019-жылдың 15-мамырында Түркістан облысының әкімі Ө. Шүкеевтің атына арыз жазған. Соған сәйкес, орынбасары Ж. Аманбаев қабылдапты. Бірақ, содан бері жауап жоқ көрінеді.

 Жалғызбасты ананың жанайқайы Түркістан облысының әкімі Ө. Шүкеев тарапынан жауапсыз қалмай, заңды шешімін табады деп үміт етеміз.

 P.S. 1. А. Дәуренбекованың қосымша түрлі құжаттық негіздегі материалдары қолында.

2. Қарсы жақтың уәжі болса, жариялауға әзірміз.

 Turaninform

 Фото интернеттен алынды

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0