ЕАЭО: экономикадан саясатқа дейін…

ЕАЭО: экономикадан саясатқа дейін…

Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартқа қол қойылғанына 6 жыл толды. Осы уақыт аралығында Ресей тарапынан саясат соқпа жел секілді аз ұрмады.
1. Саясат. Ортақ валюта енгізу туралы мәселе ашық айтылды. В. Путин кезінде бұл күндердің күнінде іске асуы мүмкін деген болатын. Былтыр Ресей президенті ЕАЭО елдерінің өзара есептесуіндегі рубль үлесі 72% болғанын мәлім етті. Егер, шын болса, ойлантарлық жағдай екені анық. Саяси да, экономикалық та жағынан.

Мұның сыртында елімізде бірыңғай ортақ валюта туралы қауесет те аз тарамады.
2. ҚР президенті Қ. Тоқаевтың кешегі Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесте сөйлеген сөзіне қарасақ, әлдебір саяси қитұрқылық тоқтамаған.
Бұған президенттің мына сөздері дәлел:
а) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттердің қызмет көрсету, өзара сауда мәселелері бойынша үшінші елмен өткізетін екіжақты келіссөздеріне Комиссияның қатысу құқығын беру қосымша зерттеуді қажет етеді.
ә) Денсаулық сақтау, білім және ғылым салаларын Еуразиялық экономикалық комиссияның құзыретіне толық көлемде беру, оның экономикалық бағытын айтарлықтай өзгертіп жіберуі мүмкін. Яғни, 2015 жылғы Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы келісімнің мәніне қайшы келеді.
Демек, егер еліміз сергек болмаса, экономикалық бағыттан ауытқуы әбден мүмкін.
3. Н. Назарбаев та кезінде не асығыс деп сынағаны бар еді. Сонау 2013-жылдың күзінде. Сонда ол Кедендік одақтың Еуразиялық комиссиясы еш елге бағынбайтынын, қол қойылатын құжаттар саммит боларынан бір күн бұрын ғана берілетінін сынады. Кей құжат 134 беттен тұратынын қоса кетті. Сөйткен, «Кеден» 2015-жылдың 1-қаңтарынан бастап Еуразияық экономикалық одаққа айналды. Өкінішке қарай, Н. Назарбаев та саяси бағыты болуы мүмкін екендігін емеурінмен білдірді…

4. Еркін еңбек күшінің атын жамылып, сепаратистік пиғылдағы адамдар, топтар енбейді деп ешкім кепілдік бере алмайды.

Экономикалық артықшылық.

1. Еңбек күшінің экономикалық одақтағы елдер арасында еркін көшуі. Мысалы, Еуропадағыдай өркениетті түрде еңбек күшінің ағымы қалыптасса, қатардағы азаматтар да жақсылығын көреді.

2. Тауарлардың өзара шарт негізінде еркін айналымы. Бұл да талай кәсіпкерлердің тауарларын өткізуге, кәсібін кеңейтуге сеп болуда. Әрине, әлі бюрократиялық кедергілер бар…

Кемшілік.

1. Экономикалық жағынан алғанда валютасы мұнай мен АҚШ долларына тікелей тәуелді Ресейдің өзара есептесуде рубльді арттыруға күш салуы – Қазақстан үшін тиімсіз. Саяси жағы болса да…

АҚШ валютасынан бас тарту ұмтылысы бір жылда Ресейдің өзіне $7,7 млрд. зиян әкелген. Аз емес. Осылай өз валютасынан өзі зардап шегіп отырған елдің ақшасынан қарапайым басқа мемлекеттің экономикалық шығын тартқан жақсы ма?..

Теңге рубльдің көңіл-күйіне тым тәуелді болып қалды.

2. Экономикалық реттеу төмендеуі. Қазақстаннан Ресей рыногы шамамен 7,5 еседей үлкен. Егер, Ресейде әлдебір қажетті тауарлар тапшылығы тым артса, осылайша, еліміздегі өндірушілер сонда тасыса, қарапайым халық қиындықта қалады. Керісінше, қарапайым азаматтар жаппай Ресейден тауар әкелуге кетсе, 5-5,5 жыл бұрынғыдай, біздің қазіргідей экономикаға кері әсер ететіні белгілі.

3. Әзірге ЕАЭО Ресейге тиімдірек болып тұр. Мысалы, 2018-жылы Ресей Қазақстанға $12,9 миллиардтың тауарын экспорттаған. Ал, Қазақстан сол жылы 5,3 млрд. АҚШ доллары болатын тауарды экспорттапты. Арасы 2,5 еседей. Дәл осыдан да экономикалық одақтың пайдасы Ресей үшін айқын көрініп тұр. Бұл валюталық ықпалын да көрсетеді…

 Қ. Қалмахан, экономика магистрі

 Фото интернеттен алынды

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0