3-маусым. Turaninform. ҚР президенті Қ. Тоқаев ресейлік «Комсомольская правда» ақпарат құралына сұхбат берді. Сұхбат барысында Ресей мен Беларусь одағына Қазақстан қосылуы мүмкін бе, сонымен қатар, соған бір парламент, бірыңғай валюта қажет пе деген секілді сұрақтар қойылған. Қ. Тоқаев бұл сұраққа былай деп жауап берді: «Ресей мен Беларусь одағына кіру жоспарымыз жоқ».
Сондай-ақ, журналист тарапынан Қазақстандағы славяндардың билік органына жұмысқа орналасудағы құқығы, елді мекен атауларының өзгеруі, латын әліппесіне көшуге қатысты Ресейдің әлдебір алаңдап отырғандығы, «кейбір сарапшылар» елімізде Қырым мен Донбасс сценарийі қайталануы мүмкін дейтіндігі туралы да сұрақтар қойылған.
Фото интернеттен алынды
ПІКІРЛЕР