Сенатор М. Бақтиярұлы министр М. Мырзағалиевке: “Жұт жеті ағайынды” деген сөз бар

Сенатор М. Бақтиярұлы министр М. Мырзағалиевке: “Жұт жеті ағайынды” деген сөз бар

14-шілде. Turaninform. ҚР Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Сыр өңіріндегі қазіргі жағдайға назар аударуды ұсынды. Бұл туралы фейсбуктегі парақшасында былай деп жазған: “Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм  Мырзағалиевке  Министр мырза! Бабалардан қалған  “Жұт жеті ағайынды” деген сөз бар. Өзіңіз де хабардар боларсыз Сырдария өзені биыл  тартылып қалды деуге болады.   Өйткені трансшекаралық өзенге қатысты  көрші елдермен ең болмаса бір млд куб  су алудың жолдарын жасалынбай қалды. Қазір Шардара су қоймасынан секундына 500 куб. су жіберілуде. Шілденің аяғында бұл көлем тағы да қысқартылуы мүмкін, өйткені Шардараның өзіне жоғарыдан су түсіп жатқан жоқ. Демек Қызылорда облысының  Шиелі, Жаңақорған, Қармақшы, Қазалы  аудандарының күріш дақылдары судан қалады.   Бұл аудандардың негізгі күнкөрісі  күріш пен бау бақша өнімдері .  Су жетпесе ала жаздай диханшылардың еткен еңбегі зая кетеді деген сөз. Жуырда бір топ егіншілермен кездестім. Сіздер “егін ек, мал бақ  күндеріңді көріңдер “ дейсіздер,  Сырдарияда су жоқ еккен егініміз судан қалып бара жатыр деп зар қақанда қалай жұбатарымды білмедім.Министр мырза бәлкім өзіңіз, болмаса  су комитетінің төрағасы облысқа келіп қалыптасқан жағдайды өз көздеріңізбен  көріп, тез арада шешім қабылдамасыңыздар кеш болып қалады.  Мен де парламент мүшесі  ретінде сіздермен бірге жұмыс жасауға әзірмін”.

Сенатор М. Бақтиярұлы көп депутаттарға қарағанда әлеуметтік желіде түрлі жағдайларға байланысты белсенді пікір білдіріп отырады.

Ескерту: 1. Жазба сол қалпы берілді.

 2. Тақырып қойылды. 

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0