М. Тайсон мен Р. Джонс бокстасады

М. Тайсон мен Р. Джонс бокстасады

Аса ауыр салмақтағы әлемнің бұрынғы абсолютті чемпионы әйгілі Майк Тайсон 12-қыркүйекте рингке көтерілмек. Қарсыласы – кіші Рой Джонс. Р. Джонс та аса ауыр салмақта әлем чемпионы болған. Кезінде ол сол салмақтағы әлем чемпионы Джон Руисті жеңіп кеткен еді. Бірақ, өз салмағы бірнеше категорияға жеңіл. Сөйте тұра бес салмақ дәрежесінде чемпион атанған.

50ден асып кеткен боксшылардың кездесуі туралы бұған дейін алыпқашпа әңгіме болған. М. Тайсон кәсіпқой бокста 56 рет өнер көрсетіп, соның алтауында жеңіліске ұшыраған. Кіші Р. Джонс болса, 75 рет бокстасып, соның 66сында жеңген. Нокаут пайызы бойынша Майктікі жоғары. Мұның алдында М. Тайсон 131 кг-дан 99,7 киллограмға дейін салмақ түсіргенін жариялаған еді.

Бұл – қайырымдылық бағытында өтетін жекпе-жек.

 Фото интернеттен алынды

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0