15-қыркүйектен 15-қарашаға дейін өзіңіз қалаған емханаға тіркелуге мүмкіндігіңіз бар

15-қыркүйектен 15-қарашаға дейін өзіңіз қалаған емханаға тіркелуге мүмкіндігіңіз бар

Елімізде медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымының еркін таңдау бойынша жыл сайынғы жұмысы басталды. Ол үшін екі ай ішінде – 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін өзіңіз тұратын маңайдағы емханаға тіркелу керек.

Тіркелген пациенттердің денсаулығын бақылау дәрігерге тиімді әрі қолайлы болу үшін емхананы тұрғылықты жеріңізге жақын жерден таңдаңыз. Себебі емхана дәрігерлері пациенттердің үйіне жедел барып кеңес айтып, ем жазу керек. Жету жолы жақын болғаны дәрігерге де, науқасқа да пайдалы.

Осы науқан кезінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымына тіркелген азаматтар 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап медициналық көмек ала бастайды. Бұл үшін медициналық ұйым Қормен алдағы жылға арналған тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен МӘМС жүйесінде алғашқы медициналық-әлеуметтік көмек қызметтерін көрсетуге шарт жасайды. Тіркелу науқанының қорытындысы бойынша алдағы жылға арналған қаржыландыру жоспарланады. Емханаға тіркелудің тиімділігін арттыру үшін бірнеше жол ұсынылған: ЭЦҚ арқылы электрондық үкіметтің www.e.gov.kz веб-порталы арқылы немесе емханаға тікелей келіп тіркелу. Емханаға барып тіркелсеңіз еркін нысандағы өтініш пен жеке куәлік қажет. Тұрғылықты жердегі емханаға барып тіркелетіндер санатында: зейнеткерлер, мүгедектер, заң бойынша бала кезінен мүгедекке тағайындалған қамқоршылар, сондай-ақ қорғаншылар немесе қамқоршылар, патронат тәрбиешілер, сотталғандар, студенттер, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер, шет мемлекеттерде туған балалар, сенімхат бойынша тіркеуді ресімдейтіндер бар. Тіркеу немесе тіркелу науқаны Денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорында тіркелген және ТМККК және МӘМС бойынша Медициналық қызмет көрсетуге үміткер медициналық ұйымдар арасында ғана жүргізіледі. Тіркелетін емханалардың тізімімен Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының www.fms.kz сайтында «Емхананы таңдау» бөлімінде танысуға болады.

 Маржан Иманғалиева, “Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры” КЕАҚ басқарма төрағасының кеңесшісі

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0