Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру дегеніміз не? Қысқартып жазсақ МӘМС. Бұл еліміздегі денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік мүдделерді қорғаудың мемлекеттік жүйесі.
– Дамыған елдер неге осы жүйеге өткен? Себебі жүйе көмекке мұқтаж, әлеуметтік жағдайы төмен адамдарды бөлмей, оларға түрлі медициналық қызмет алуға теңдей мүмкіндік береді.
– Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру – бұл халықты әлеуметтік қорғау үлгісі. Науқастану, жарақат алу, жүктілік, бала туу, мүгедектік, кәрілік барлығы осы жүйеге қатысты маңызды мәселелер. Яғни, барлық сақтандырылған азаматтар жасына, тұрмысына, әлеуметтік мәртебесіне, тұрғылықты жеріне, табысына қарамастан, осы жүйе арқылы тең дәрежедегі медициналық және дәрілік көмекпен қамтамасыз етіледі.
Ауырғанда бізге ем керек, ал Сіз емделіп жүргенде осы жүйе сіз үшін дәріні де, денсаулығыңызға қажетті барлық қызметті де қолжетімді етіп, медицина мекемесіне қаржылай қолдау білдіріп отырады. Яғни, Сіздің саулығыңыз үшін үлкен бір жүйе дамылсыз қызмет етіп тұрады. Ең қызығы, МӘМС пациенттердің құқығын қорғаушы омбудсмен! Дәрігерге немесе медициналық қызмет көрсетуге көңіліңіз толмаса, осы жүйе арқылы сұрақтарыңызды қанағаттыра аласыз, себебі МӘМС сіздердің құқықтарыңызды қорғап, қолдауға әрдайым дайын. Ол үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорының Qoldau-24\7 мобильді қосымшасы бар.
М. Иманғалиева, “Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры” КЕАҚ басқарма төрағасының кеңесшісі
ПІКІРЛЕР