«Қазақтелеком» Алматы билігіне коронавирустың таралуын азайтуға қалай көмектесті, Қазақстанда цифрлық экономиканың даму әлеуеті қандай, осы саладағы ең ірі байланыс операторы не істеді және қандай жоспарлары бар? Бұл туралы бүгін «Digital Almaty 2021» халықаралық форумында «Қазақтелеком» басқармасының төрағасы Қуанышбек Есекеев айтып берді
Бүгінгі таңда дәстүрге айналған форумға ЕАЭО елдерінің премьер-министрлері қатысты, ал шараның басты тақырыбы «Цифрлық қайта жаңғыру: жаңа жағдайға серпіліс» деп аталды. Форумның күн тәртібі COVID-19 пандемиясына байланысты туындаған жаһандық өзгерістерді ескере отырып құрылған. «Қазақтелеком» басшысы шара барысында, еліміздің ең ірі қаласында эпидемиялогиялық ахуалды қадағалап, жедел әрекет етуге мүмкіндік беретін Big Data-аналитика геолокациялық құралын компания өткен жылы әзірлеп, іске қосып бергенін айтты. Жүйенің арқасында дәрігерлер үлкен көлемдегі деректерді талдауға, пациенттер туралы нақтырақ және сенімді статистиканы жүргізуге, сәйкесінше аурудың ауқымын бағалауға және қажетті шараларды уақытында қабылдауға мүмкіндік алды.
«Қатаң карантиндік шаралар кезеңінде Big Data-аналитика геолокациялық құралы Алматыдағы ең көп шоғырланған орындарды анықтауға, қаладағы жағдайдың белгілі бір шешімдерге байланысты қалай өзгеретінін анықтауға мүмкіндік берді, адами ресурстарды оңтайлы бөлуге көмектесті, және медициналық мекемелерге шалынған қоңыраулар көлеміне қарай инфекцияның ықтимал ошақтарын дөп басуға жағдай жасады. Бұл ақпаратпен мегаполистің тиісті аймағындағы ауруханаларда науқастарға орын әзірлеуге, осылайша алдын-ала дайындық жасауға мүмкіндік берді», – деп атап өтті «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев.
Байланыс операторының басшысы сонымен қатар, форум делегаттарына бақылау-кассалық машиналардың чек операциялары негізінде, кәсіпкерлік және әкімшілік аймақтардың экономикалық белсенділігін талдау жүйесін ұсынды. Технология 70 мыңға жуық ұйымның транзакциялық сараптамасы негізінде қаланың экономикалық портретін анықтауға, белгілі бір аймақтағы ақша айналымын, сатылым санын және т.б. көруге мүмкіндік береді. Қазірдің өзінде іске асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобаларға келетін болсақ, Қуанышбек Есекеев ауылдарда талшықты-оптикалық байланыс желілерін салу және ауыл тұрғындарын «250+» кең жолақты мобильді интернетпен қамтамасыз ету бағдарламасы туралы айтты. Екі жоба аясында республиканың 828 елді мекенінде 14,5 мың шақырымдық «оптика» салынды, 1900 мектеп пен 2,5 мың мемлекеттік орган жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілді, тағы 1000 ауыл мобильді интернетке қол жеткізді.
«Ауылдарға талшықты-оптикалық байланыс желісін тарту бағдарламасы аясында біз шешкен басты проблема – бұл қала мен ауыл арасындағы цифрлық теңсіздікті жою, елдегі телекоммуникация қызметтерінің барлық спектрін ұсыну екенін атап өткен жөн. Қазіргі уақытта «Қазақтелеком» компаниялар тобының ұялы байланыс
операторлары – Kcell және Tele2 базалық станцияларды орнатуда. Жалпы, «250+» жобасының арқасында 1000-ға жуық ауылдың 600 мыңнан астам тұрғыны жоғары жылдамдықты мобильді интернет пен байланысқа қол жеткізеді. Сонымен қатар, бұл қазақстандық ауылдың экономикалық дамуына оң әсерін тигізіп, өңірлерде мобильді қаржылық қызметтер мен электронды сауданы дамытудың қозғаушы күшіне айналады, сонымен қатар ауылшаруашылығында (ІоТ) Интернетте деректер алмасу технологияларын қолдануға мүмкіндік береді» деп атап өтті «Қазақтелеком» АҚ Басқарма Төрағасы Қуанышбек Есекеев.
Айта кету керек, форум аясында «Қазақтелеком» «Жаңа инфрақұрылым – Enabler цифрлық экономиканың мүмкіндіктері» атты панельдік сессия ұйымдастырды. Мұнда сарапшылар трафиктің өзіндік құнын төмендету, жаңа қызметтер үшін байланыс сапасын арттыру, FWA және 5G желілерін енгізу және тағы басқа мәселелерді талқылады.
Естеріңізге сала кетейік, Digital Almaty халықаралық форумы төртінші жыл қатарынан өткізіліп келеді және бұл жаһандық және аймақтық цифрлық күн тәртібін, әлемдегі цифрландыру саласындағы міндеттер, шешімдер мен саясатты қалыптастыру мен талқылаудың маңызды алаңдарының бірі болып табылады. Форумның бас серіктесі – «Қазақтелеком».
«Қазақтелеком» АҚ Қоғаммен байланыс қызметі
ПІКІРЛЕР