8-наурыз. Turaninform. Халықаралық әйелдер күні ретінде аталып өтетін 8-наурыз мерекесінің тарихы өткен ғасырдың басымен тығыз сабақтасады. Дегенмен мұның алдындағы уақытта да әйелдердің тең құқығы мәселесі аз көтерілмеген.
1908-жылы АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында дауыс беру құқығын, жұмыс күнін қысқартуды, жалақыны арттыруды талап етіп наразылыққа шыққаны белгілі. Жыл салып бұл елде ақпанның соңғы аптасын Еңбеккер әйелдер күні ретінде атау ұсынылады. Бұл 1910-жылы К. Цеткиннің Халықаралық әйелдер күнін бекіту туралы ұсынысымен үйлеседі.
Содан бері бір ғасырдан аса уақыт өтсе де әйелдердің қоғамдағы, мұның ішінде жанұядағы тең құқығы мәселесі кей жекелеген елдерде әлі де шешілмеген. Сонымен қатар, әйелдердің құқығын сақтау деген желеумен артық кетіп қалған дамыған елдер де бар.
Фото интернеттен алынды
ПІКІРЛЕР