1-сәуір. Turaninform. Әлемдегі Орталық банктердің алтын-валюта қорындағы АҚШ долларының үлесі – 59%. Халықаралық валюта қорының мәліметіне қарағанда, өткен жылдың төртінші тоқсанында сондай болған. Бұл соңғы ширек ғасырдан бергі ең төменгі көрсеткіш делінеді. 2001-жылы 72,7%-ға дейін көтерілген болатын.
Дегенмен халықаралық валюталардағы АҚШ долларының үлесі әлі де жоғары деңгейде. Мәселен, екінші орындағы еуро үлесі 21,4%.
Фото интернеттен алынды
ПІКІРЛЕР