“Шетелдік агент” деп жазбаса, 286 000 тг айыппұл төлейді…

“Шетелдік агент” деп жазбаса, 286 000 тг айыппұл төлейді…

1-мамыр. Turaninform. Ресейдің ақпарат құралдары “Шетелдік агент” деп саналған БАҚ-ты солай атап жазбаса, айыппұл төлейді. РФ президенті В. Путин сондай заңға қол қойды. Мәселен, ендігәрі сондай БАҚ-тың материалына сілтеме жасаса, пайдаланса, солай “агент” дегенді қосарлай жазып кетуі тиіс. Егер, жазбаған заңды тұлға болса, соған 40000-50000 рубль аралығында айыппұл салынады. Бұл біздің ұлттық валютаға шаққанда, 286 000 тг. Жеке тұлғаларға да айыппұл белгіленген: 2500 рубльге дейін.

Қазіргі таңда Ресей, «Шекарасыз репортерлар» халықаралық ұйымының зерттеуіне сәйкес, баспасөз бостандығы бойынша 150ші орында.

 Фото интернеттен алынды

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0