24-сәуір. Turaninform. АҚШ президенті Джо Байден Украина үшін бөлінетін $61 миллиардқа жуық қаржысы бар заңға қол қойды. Айлар бойы тартысқа түскен еді. Сонымен қатар, осы заңға сәйкес, АҚШ билігі бұғатталған Ресей активтерін Украина қажетіне жұмсай алады. Тағы бір қоса кетерлік дүние, Киев көптен күткен, алысқа ұшатын әйгілі ATACMS зымыранын береді. Дегенмен Украина территориясында ғана пайдалануы тиіс.
Түрлі қару-жарақ, әскери техникалар ұзамай Украинаға жеткізілетін көрінеді. Ал, Ресей жаңа шабуылға шығайын деп жатыр…
Фото интернеттен алынды
ПІКІРЛЕР