Мектеп директоры қызметін атқаруға 5 жыл да ұзақтау

Мектеп директоры қызметін атқаруға 5 жыл да ұзақтау

Колледж және мектеп директоры қызметін атқаруға 5 жыл да ұзақтау. 1-кезеңге 3 жыл жетеді. Бес жыл дегеніміз классикалық демократиялық президенттік басқару бойынша орташа бір мерзім. Әйтпесе, АҚШ-ты алсақ, төрт жыл ел басқарып, өзін көрсетеді: сайлауалды бағдарламаларын іске асыру т.б. Тұтастай ел басқаруға осынша уақыт жеткілікті болса, мектеп пен колледж үшін неге үш жыл аз болуы тиіс? Директордың жұмысы ел басқарумен тең болмас, сірә. Дайын бюджеттік ақша ғой. Қайдан қалай ақша табамын деп бас қатырмайды. Әсіресе, қазіргі кезде. Тек адал қызмет қылып, істің ұтырын тапсын. Болды.     Сөз басында неге 1-кезең дедім? Егер, білім-білік пен басқару ісінде үздік, моральдық биік, педагогикалық шебер болса, 2-кезең үшін сол мектептің мұғалімдерінің дауыс беруімен Директор сайлауына түссін. Бұл мұғалімдердің азаматтық құқығы. Әрі қоғамды демократияландыру ісіне де қосылған үлес болмақ.

Екі кезеңнен кейін директор болуға жол берілмегені жөн деп ойлаймын. Бақандай 6 жыл басқарды. Жеткілікті. Басқа адамдарға жол ашылсын. Ал, ол директор әрі қарай немен айналысады, қайта мұғалім бола ма – өз ырқында. Директор жекеменшігі секілді 5-10, 20 жыл не содан да көп отыруы немесе қайта-қайта сол қызметке келе беруі – бұл да адам құқығының бұзылуы. Қазіргі кезде тіпті бес жыл бұрынғы технология да ескі, көнелеу саналады.

 Қ. Нұрғали

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0