2-тамыз. Turaninform. Жапония Токио олимпиадасы медальдарын электронды тұрмыстық заттардың қалдығынан жасап шыққан. Ойынға қажетті бүкіл медальді жасауға 79 тонна электронқалдық жетіпті. Мәліметтерге сүйенсек, керексіз делінген гаджеттерден 32 кг алтын, 3,5 келі күміс және 2,2 килограмм қола алынған.
Әзірге Жапония Олимпия ойындары медальдарын толығымен қалдықтан жасаған жалғыз ел. Әйтпесе, бұған дейін де кей елдер Олимпиада медальдарын жасауда “жасыл” әдіс қолданған. Бірақ, бүкіл медальды емес.
Фото интернеттен алынды
ПІКІРЛЕР