9-қараша. Turaninform. Беларусь арқылы ағылған жүздеген заңсыз мигранттар Польша шекарасынан күштеп өтуге ұмтылуда. Беларусь күш құрылымдары мигранттарды екі мемлекет арасындағы бейтарап аймаққа әкелген делінеді.
Екі ел арасындағы шекарада туған мәселе ушығып барады. Ендігі Еуропа Беларусь билігіне қарсы санкцияны күшейтуді көздеп отыр. Себебі, Беларусь билігі миграция мәселесін қолдан жасап отыр делінуде. Мұның алдында Беларусь тарапының Дамаск, Стамбұл секілді бағыттарға әуе рейстерін арттыру жоспары бары мәлім етілді.
Польша 12 мың әскерді шекараға жібергенін хабарлады. Мұның үстіне мәселені Еуроодақ және НАТО-мен талқыламақ.
Фото интернеттен алынды
ПІКІРЛЕР