Елбасы партия төрағалығын Президентке тапсыруды ұйғарды

Елбасы партия төрағалығын Президентке тапсыруды ұйғарды

23-қараша. Turainform. Н. Назарбаев «Nur Otan» партиясының Төрағасы өкілеттігін президент Қ. Тоқаевқа беруді ұйғарған шешім қабылдады. Бұл туралы: «Саяси кеңестің кеңейтілген отырысында Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясының Төрағасы өкілеттігін тапсыру туралы шешім қабылдай отырып, партияны ел Президенті басқаруы керектігін атап өтті. Өкілеттікті беру рәсімі партия жарғысына сай жүзеге асатын болады» делінген Елбасының Баспасөз хатшысы А. Үкібайдың Twitter-дегі парақшасында.

«Nur Otan» – Қазақстандағы ірі партия. 1999 ж. құрылған партияның атауы алғашында «Отан» болған еді.

 Фото: elbasy.kz

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0