30-желтоқсан. Turaninform. Елімізде қазақ тілін білетін тұрғындар саны артқан. ҚР Білім және ғылым министрлігінің жауабына қарасақ, солай екен. Мәселен, қысқарта алғанда, министрлік мәліметі төмендегідей келді: «…2020 жылы бұл көрсеткіш едәуір артып мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесі 90,5 %-ке жетіп отыр».
Ал, Қазақстанда қазақ ұлтының үлесі биылғы санақтың алғашқы мәліметіне сәйкес, 70%-тен енді асты. Демек, шартты түрде алып, министрлік мәліметіне сүйенсек, бүкіл қазақтармен қатар, еліміздегі диаспоралардың жартысынан астамы қазақ тілін меңгерген болып шығады. Шынында солай ма?..
Фото интернеттен алынды
ПІКІРЛЕР