Қ. Тоқаев: Мемлекеттік басқару саласына да кешенді реформа керек

Қ. Тоқаев: Мемлекеттік басқару саласына да кешенді реформа керек

11-қаңтар. Turaninform. Қазақстан президенті Қ. Тоқаев мемлекеттік басқару ісіне үлкен өзгеріс керек екенін айтты. Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында сөйлеген сөзінде.

Ол бұл туралы: «Мемлекеттік басқару саласына да кешенді реформа керек. Аталған салаға тән бірнеше проблема бар. Ол кадрлық потенциалдың төмендігі, жемқорлық, формалдылық және кадр тапшылығы мен тұрақтамауы. Сондықтан да халықтың мемлекеттік басқару мен билікке деген сенімі төмен. Осы орайда мемлекеттік қызметке алу талабын жетілдіру қажет. Қызметке алу талабының артық, керек емес тұстарын алып тастау керек және мемлекеттік қызметке келгісі келетіндер үшін еш кедергі болмауы тиіс», – деді.

Сонымен қатар, Президенттің сөзіне сәйкес, Үкімет мүшелері, өңір әкімдері мен депутаттардың жалақысы бес жыл бойы көтерілмейді.

 Фото интернеттен алынды

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0