НАТО мен АҚШ Ресейдің ықпал ету “шекарасын” қабылдамады

НАТО мен АҚШ Ресейдің ықпал ету “шекарасын” қабылдамады

 Қаңтардағы НАТО-АҚШ-Ресей кездесуі соңғысының дегенін істетпеді. Керісінше, НАТО-ға мүше елдер – Литва, Латвия және Эстония тіпті әскери күшею жолына көшті. Ықпал ету аймағымыз делінген территориядағы Шығыс Еуропа мемлекеттері: Бұл біздің шаруа, араласпа деп бірден бетін қайтарды. Ресейдің.
Ал, Украинаны АҚШ дүркін-дүркін қорғаныс техникаларымен батыл жабдықтауда. Stinger, Javelin т.б. техникамен, технологиямен. Енді Ұлыбритания да араласты. Тек Германия екі ортада ойнап та, ойланып та жүргендей. Бұл мемлекеттің бір бөлігі қанша дегенмен КСРО ықпалында болған ғой, әрі энерготәуелді…
АҚШ президенті болса, Ресей басшысы Еуропаны энергетика – газбен байлап отырмын деп ойламасын, бұл бірбағытты автожол емес деген еді. Сонымен қатар, Ресей кірісінің 45%-і осы салаға тәуелді​, сондықтан үлкен экономикалық шығынға ұшырайтынын айтты.

 Қ. Нұрғали

 Фото интернеттен алынды

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0